Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Полиция қызметкерлері теміржол және әуе жолаушыларының қауіпсіздігін қалай қамтасыз етеді?

Полиция қызметкерлері теміржол және әуе жолаушыларының қауіпсіздігін қалай қамтасыз етеді?

"Шалқар шаңырағына" Нұр-Сұлтан станциясындағы Желілік полиция басқармасы Әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Қилыбаев Абай Сембайұлы қатысып, еліміздің әуе және темір жол көліктерінде қоғамдық тәртіпті қорғау мен қауіпсіздік туралы айтты. Ал өңірден байланысқа Алматы қаласы әуежайындағы Желілікті полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция капитаны Қуандық Ислам Мұратұлы байланысқа шығып, әуежайларда қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етіп жатқандығы жайлы айтып берді.

Сонымен қатар әуе көлігінде құқық бұзушылық анықталған жағдайда қандай шаралар қабылданады? Полиция қызметкерлері темір және әуе жолаушыларының қауіпсіздігін қалай қамтасыз етеді? Нұр-Сұлтан қаласында жолаушылар легі қандай? Астанамызға күніне қанша адам келіп-кетеді? Пандемия кезінде бұл көрсеткіш қалай өзгерді? Темір жол көліктерінде жолаушылар пойызын шығарып салып, сүйемелдеп жүретін арнайы қызметтер бар екен. Оларға қандай жауапкершілік жүктелген? Пандемия кезінде шетелдік рейстерге шектеулер бар ма? Жалпы қала қызыл аймаққа енгелі қандай қауіпсіздік шаралары қолдануда? Осы және басқа да сұрақтарға берген мамандардың жауабын хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Эфирге дайындап, жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.