Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Жанардың жарқын бейнесі

Жанардың жарқын бейнесі

Жасындай жарқ етіп, құйрықты жұлдыздай ағып түскен Жанар Нұрғали өлең өлкесінде өзіндік өрнегімен өшпес із, өлмес мұра қалдырған ақын ретінде әспеттелуге әбден лайықты тұлға. Ойып алар орны бар ойлы ақынның көзі тірі болғанда тағы бір жас қосуымен құттықтап, жарыса хат жазысып жатар едік. Амал нешік, арамыздан алыстап, бүгінде сағымдай бұлдыраған саумал сағынышқа айналды.

Асылымызды ардақтау мақсатында санамызда сақталып, жадымызда жатталып қалған Жанардың шынайы шығармаларын оқырман қауымға қаз қалпында жеткізу біздер үшін ниет-қарыз, адами парыз болмақ. 

Ендеше, ақын Жанар Нұрғалиева жайлы арнайы хабарды назарларыңызға ұсынамыз. 

Хабар үнтаспаға жазылып алынған.