Сovid-19 вирусын тоқтатудың басты тәсілі – вакцина салдыру

ДДСҰ-ның бүгінгі мәліметі бойынша әлемде covid-19 вирусын жұқтырғандар саны 145 305 615 адамға жеткен. Бұл аурудан 123 575 694 адам жазылып шықса, 3 84 022 адам қайтыс болған. Ал өз елімізде 300 733 адамның ауырғаны тіркелген. Олардың 257 278-і жазылып шықса, өкінішке орай 3512 адам жарық дүниемен қоштасқан.
Сондықтан да бұл ауруды тоқтатудың басты тәсілі – екпе, яғни, вакцина салдыру, - дейді "Жандауа" бағдарламасының қонағы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жұмабек Елтекұлы Бекенов.
Департамент директоры Жұмабек Елтекұлы журналист және радиотыңдаушылар сауалына жауап берді.
Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.