Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Майра Дәулетбақ туған күнін эфирде қарсы алды

Майра Дәулетбақ туған күнін эфирде қарсы алды

Белгілі әнші, ҚР мәдениет қайраткері, көптеген халықаралық және республикалық ән байқауларының лауреаты, ұстаз Майра Дәулетбақ бүгін туған күнін атап өтуде. Рамазан айында келген мерейлі жасын "Шалқар" радиосының тікелей эфирінде радиотыңдаушылармен қарсы алуды жөн көрген студия қонағы сұхбат барысында шығармашылық жаңалықтарымен бөлісіп, жақын арада жаңа екі әні жарыққа шығатындығы туралы хабарлады. 

Көзі қарақты көрермен Майра Дәулетбақты жақсы біледі. Кезінде радио арқылы танылған, соңғы жылдары өз тыңдаушысын сағындырып жүрген әнші бүгінде елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетіне қарасты Дарынды балаларға арналған мектепте «эстрадалық вокалдан» дәріс береді. Оқытушы ретінде Димаш Құдайбергендей талантты жасты тәрбиелеп, қазір Ержан Максимдей саф талант иелерін өнерге баулып, шеберлігін шыңдап жүр. Бүгінгі эфирде  ата-аналарға аса қажет ақыл-кеңесін, ғибратты әңгімесін арнады.

Сұхбатты толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Бағдарламаны жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.