Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Алаш қайраткерлерінің жазған мақалалары топтастырылған жинақтар тұңғыш рет жарық көрді

Алаш қайраткерлерінің жазған мақалалары топтастырылған жинақтар тұңғыш рет жарық көрді

2021 жылдың мамыр айында Qyr balasy қоғамдық қоры Ә. Бөкейхан атындағы «Алаш» ғылыми-зерттеу институты «Алаш кітапханасы» сериясымен Заңғар Кәрімханның «Толағай», «Қазақ тарихы. Инфографикалық деректер», Ерден Нұрахметтің «Алаш арысы – Біләл Малдыбайұлы» атты ғылыми зерттеулері мен Ғазымбек Бірімжан, Абдолла Байтасұлы, Сейітбаттал Мұстафаұлы, Біләл Сүлейұлы, Біләл Малдыбайұлы секілді ұмыт қалған Алаш қайраткерлерінің жазған мақалалары, еңбектері топтастырылған жинақтар тұңғыш рет жарық көрген болатын. 

6 мамыр күні, сағат 16.00-де Нұркент 5/11 мекен-жайында Alatau creativ hub-та осы 8 кітаптың тұсаукесер рәсімі өтеді. Оған осы саланы зерттеп жүрген ғалымдар, әдебиеттанушылар, тарихшылар, Алаш қайраткерлерінің ұрпақтары, кітап авторлары мен жинақты құрастырған алаштанушы-ғалымдар қатысады.

Qyr balasy қоғамдық қорының негізгі мақсаты – 20 ғасырдың басында ұлт жолында шейіт болған Алаш қайраткерлерін тірілту, олардың мұраларын насихаттау, ғылыми айналымға енгізу, жан-жақта шашылып жатқан деректерді жинастыру, Алаш кезеңін зерттеу.

Байланыс телефоны: 8-771-411-35-59. Әлібек Байбол.