Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Саят Қамшыгер: Бала күнгі армандарыма қол жеткіздім

Саят Қамшыгер: Бала күнгі армандарыма қол жеткіздім


 «Әдебиет әлемі» хабарының кезекті санын ақын Саят Қамшыгердің шығармашылығы мен өмірдерегіне арнадық.

"Оқу-білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, болмаса басқа түрлі өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек",- деген екен Ғабит Мүсірепов. Ал бүгінгі кейіпкеріміз ақын Саят Қамшыгер жас күнінен алғыр, білімді, өзіндік ұстанымы, пікірі бар бала болып өскен. 

Мектепте ұстаз болып шәкірттеріне шешендік өнерден, "Әуезовтанудан", "Абайтанудан", әдебиеттен сабақ берген. Саят ақын Жазушылар одағында әдеби кеңесші болып 9 жыл, балаларға арналған «Мөлдір бұлақ» журналында 8 жыл қызмет еткен. Қазіргі таңда қайда жұмыс істейтінін, шығармашылығында қандай жаңалықтар барын, жалпы ақынның өмірдерегі жайлы білгіңіз келсе «Әдебиет әлемі» хабарын тыңдауыңызға болады.

Хабардың толық нұсқасын аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Хабардың редакторы: Айнұр Шамшейт.