Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Әлия Құсайынқызы: ақшаға құнығу емес, өз ісіңнің шебері болуды үйретемін

Әлия Құсайынқызы: ақшаға құнығу емес, өз ісіңнің шебері болуды үйретемін

"Шалқар шаңырағына" шебер, педагог, Нұр-Сұлтан қаласындағы №86 мектеп- гимназиясының, көркем еңбек, кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәнінің мұғалімі Әлия Құсайынқызы Сүлейменова қатысты.

Жасөспірімдерге мамандықты адаспай табуына септігін тигізетін, кәсіпке баулып, үлкен өмірлік жолға дайындайтын 30 жылдық еңбек өтілі бар педагог жазғы дамалыс кезінде де балаларға күнделікті күн тәртібіннен бастап, ұйымдастыруы ата-аналар мен ересектердің мойынында екендігін айтты. Балалардың бос уақытта кітап оқуды серік етіп, ой көкжиегін кеңейтуі тиіс.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына: «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты жолдауында қашықтан білім беру үшін нақты онлайн-платформамен жасалатынын және заманға сай балалардың өресін өсіретін, қазіргі өмірге сай пәндердің енгізілгені туралы: «Біз кәсіби білім берудің бүкіл жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыруға бағыттағанымыз жөн. Кәсіпкерлердің жаңа буынын қалыптастыруға басымдық беріледі. Сол себепті «Кәсіпкерлік негіздері» пәні мектептен бастап жоғары оқу орнына дейінгі барлық білім беру сатысында оқытылуы керек» деген еді. Өз тарапымнан бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда балалардың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттау мақсатында жұмыс істеп жатқаныма қаунамын. «Балалар мемлекетіміздің болашағы, қазірдің өзінде шәкірттерімнің арасында өз хоббиынан кәсіп көзін тауып отырғандары бар.Оларға мен ең бастысы ақшаға құнығу емес, адамдарға пайда әкелуді, өз ісіңнің шебері болуды үйретемін», - дейді студия қонағы.

Бағдарламаны эфирге дайындап, жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.

Сұхбатты толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.