Біржан Ахмер: Гаджетпен күреспей, балаларға оның пайдалы жақтарын үйрету керек

Журналист, әдебиеттанушы, педагогика ғылымдарының магистрі, талантты ақын Біржан Ахмер «Өнеге» хабарына қатысты.
«Ата-анаға көз-қуаныш» және «Бес асыл іс» атауымен жарық көрген екі жаңа кітабын ұсынған студия қонағы кітабының Абай Құнанбайұлының өлеңдерінің негізінде жазылғандығы, онда әр өлеңге ықшамдап талдау жасалғандығы туралы айтты. Ұлттық тәрбие беру ісі аса маңызды боп табылатынын тілге тиек етті.
"Әсіресе, жазғы демалыста уақытты тиімді пайдаланып, балаларды кітап оқуға баулу керек. Гаджетпен күреспей, қайта балаларға ғаламтордан-ақ пайдалы, өнер, білім үйрететін сайттар мен аудио кітаптарды пайдалануды үйрету керек, баланың жанын түсіну үшін оның көзқарасымен, әлеміне үңілу қажет",- деді Біржан Ахмер.
Қазақ поэзиясына өз қолтаңбасымен ерекшеленіп келе жатқан талантты жас ақын өзінің бірнеше өлеңін оқып, "Шалқар" радиосына естелік үшін «Тамыз таңы» жыр жинағын тарту етті.
Қызықты сұхбатты толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.