Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Халықаралық алаңда алар нық орны бар талай өнер туындысын жасайтыныма сенемін – Талғат Әбдікерімұлы

Халықаралық алаңда алар нық орны бар талай өнер туындысын жасайтыныма сенемін – Талғат Әбдікерімұлы

«Шалқар шаңырағына»  Еуразия ұлттық университетінің сәулет-құрылыс факультетінің профессоры, ҚР дизайнерлер одағының мүшесі, суретші- дизайнер Талғат Әбдікерімұлы Анарбеков қатысты.

Студия қонағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен барша радиотыңдаушыларды құттықтай келе, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде жарияланған Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласына тоқталды. 

"Президент мақаласы еліміз үшін қастерлі және мерейлі белес - Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығының өте орынды әрі мағыналы бастамасы болды. Мақалада Мемлекет басшысы «Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?  Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз? Мемлекеттігімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?» деген сауалдарға жауап бере отырып, Қазақстанның әрбір азаматына ой тастайтын терең тұжырымдарымен, тың идеяларымен, нақты ұсыныстарымен бөліскен. Мен де шығармашылық адамы ретінде Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында сәулет өнеріне өз үлесімді қосып келе жатқан жанмын. Еліміздің бірнеше өңірінде, ірі қалаларында мүсіндерім бар, жақында шетел асып Бухарест қаласында кемеңгер Абай Құнанбайұлының мүсінін жасадым. Әрине, еліміздің 30 жылда жеткен жетістіктері мен толағай табыстары мол, Болашақта да атқарылар ауқымды істер мен кешенді жобалар, әлемдік деңгейде жасалатын рухани дүниелердің көп боларына бек сенімдімін. Халықаралық алаңда алар нық орны бар талай өнер туындысын суретші, мүсінші, дизайнер ретінде ұсынатынымыма ниеттемін. Өзім де, тәрбиелеп жатқан шәкірттерім де қосатына сенемін", - деді студия қонағы.

Бағдараламаны эфирге дайындап, жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.

Сұхбатты толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.