Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

«Біз күткен бақыт» кітабы жарық көрді

«Біз күткен бақыт» кітабы жарық көрді

Бүгін сағат 15.00 «Кітап ал» кітап дүкенінде жазушы Мәлік Отарбаевтың «Біз күткен бақыт» атты әңгімелер жинағының жарық көруіне орай «ҚОЛТАҢБА КҮНІ» өтеді.

«Біз күткен бақыт» атты жинаққа автордың ұлт тағдыры, қоғам мәселелері туралы ой қозғайтын әртүрлі формада жазған қызықты әңгімелері енген. Кейбір әңгімелер бұдан бұрын баспасөз беттерінде жарияланып, оқырманның назарын аударған. Автордың бұл шығармалары туралы Смағұл Елубай, Ахметжан Ашири, Нұрғали Ораз, Рафаэль Ниязбек сынды еліміздің белгілі ақын-жазушылары пікір білдірген болатын.

Кітаптың авторы Мәлік Отарбаев қаламгерлікпен бірге қайраткерлікті де бірдей алып жүреді. Халықаралық ұйымдар мен басылымдарында, шетелдегі және республикадағы мемлекеттік мекемелер мен әкімдіктерде қызмет етті. Бүгінде Мәдениет және спорт министрлігінің кеңесшісі ретінде ұлттық өнер мен мәдениеттің дамуына өзінің үлесін қосып келеді. Халықаралық «Жамбыл» және «Серпер» сыйлықтарының лауреаты, Мәдениет саласының үздігі, дипломат.

Бұдан басқа автордың «Ойқазан» атты ой-толғамдар жинағы мен «Бір қайыры бар» атты әңгімелер жинағы жарық көрді. Сүйінбай, Ш.Мұртаза, Т.Медетбек, Н.Оразалин, Р.Отарбаев, Р.Ниязбек сынды қазақтың көрнекті қаламгерлерінің 15 астам кітабын түрік тіліне, Юнус Эмре, ХалдунТанер, Нежип Фазыл Кысакүрексынды түріктің классиктерінің 5 астам туындыларын қазақ тіліне аударған.

«Баянды бақ» деп аталатын пьесасы Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық драма театрында қойылды. Кейін бұл спектакль Нұр-Сұлтан қаласымен бірге Түркияның бірнеше қалаларында сахналанды.

Автордың шығармалары түрік, орыс, қырғыз, әзербайжан тілдеріне аударылды.

«ҚОЛТАҢБА КҮНІНЕ» қалың оқырман қауымы мен бір топ зиялылар қатысады. Кітап «Кітап ал» дүкенінде сатылады. Қатысушылар кітапқа автордың қолтаңбасын қойдырып алуға мүмкіндік табады.

Мекен-жайы: Алматы қ. Ақсай-5, 25 үй.

«Үш сұңқар» сауда орталығы,

«Кітап ал» дүкені