Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Тойған Оспанқызы: Өмірде қандай да бір жетістікке жетсем, күйеуімнің арқасы

Тойған Оспанқызы: Өмірде қандай да бір жетістікке жетсем, күйеуімнің арқасы

"Шалқар шаңырағында" Қазақ ұлттық хореграфия академиясының профессоры, өнертану кандидаты, ҚСРО-ның еңбек сіңірген әртісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ғалым, ұстаз, белгілі балетмейстер Тойған Ізім қонақта болды.

Мерейлі 70-ке келген мәдениет саласының үздігі, хореграфия саласының майталманы туған күнін "Шалқар" радиосында халықпен бірге қарсы алып, өнегелі өмірі туралы сыр шертті.

Сұхбат барысында Тойған Оспанқызы қазақ биінің бүгінгі жәй-күйі, тәрбиелеп жатқан шәкірттері және жолдасы туралы айтты. Өнердегі өміріне дән ризашылығын білдірді.

«Өмірде қандай да бір жетістікке жетіп, биіктен көрінсем, бұның барлығы өмірлік жолдасым, серігім Үсен Қайырұлы Мақановтың арқасында деп білем. Үсен Қайырүлы керемет талантты ұйымдастырушы еді. Өзі биші, талғамы жоғары эстет. Қоюшы-режиссер, балетмейстер, этнограф, дизайнер, продюсер ретінде қайталанбайтын тұлға еді»,- деді Тойған Оспанқызы.

Сырлы сұхбаттың толық нұсқасын аудиодан тыңдай аласыздар.

Бағдарламаны эфирге дайындап, жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.