Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Демікпе ауруының пайда болу себептері мен емделу жолдары

Демікпе ауруының пайда болу себептері мен емделу жолдары

Демікпенің үш түрі бар:

1. Тыныс алу жолдарының бітелуі. Қалыпты тыныс алуда тыныс алу жолдарының маңайындағы бұлшық ет сақиналары босаңсыған түрде болады және ауа еркін өтеді. Алайда, демікпесі бар адамдарда аллергия туындататын заттектер, қоршаған ортаның тітіркендіргіштері ауа жолдарының маңайындағы бұлшық ет сақиналарының қысылуына апарады және ауа олардан еркін өте алмайды. Ауаның жеткілікті түспеуі адамда ауаның жетіспеуін туындатады, ал тарылған тыныс алу жолдары арқылы өтетін ауа ысқыратындай дыбыс шығарады, бұл ысқыратын тыныс алу ретінде белгілі.

2. Қабыну. Демікпесі бар адамдарда бронхиолдар ісінген, қызыл түсті болады. демікпенің болашақта өкпеде қандай дертті өзгерістерін туындатуы мүмкіндігінде осы қабыну едәуір роль атқарады. Сондықтан, осы қабынуды емдеу демікпесі бар адамдарда болашақ үшін өзекті саналады.

3.Тыныс алу жолдарының тітіркенгіштігі. Демікпеге шалдыққан адамдарда тыныс алу жолдары аса сезімтал келеді. олар әдетте, тозаң, жануарлардың тіршілігінің өнімдері, шаң және түтін секілді түрлі жеңіл тітіркендіргіштерге де аса жіті серпін беріп, тарылады.

Демікпе ауруының пайда болу себептері мен емделу жолдары жайлы "Шипагер" хабарының тұрақты қонағы - медицина ғылымдарының докторы, профессор Жасан Зекейұлы кеңірек әңгімелеп береді. Толығырақ бағдарламаның аудио нұсқасынан тыңдай аласыздар.