Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Президент Жолдауы: Орта білім саласындағы өзгерістер

Президент Жолдауы: Орта білім саласындағы өзгерістер

Президент Жолдауында білім беру саласын айналып өтпеді: «Орта білім беру жүйесіндегі өткір проблеманың бірі – мектептердегі орын тапшылығы. 225 мың оқушыға орын жетіспейді. Шұғыл шара қабылдамасақ, 2025 жылға қарай орын тапшылығы 1 миллионға жетеді. Мен 2025 жылға дейін кемінде 800 мектеп салу туралы тапсырма берген болатынмын»,-  деді Мемлекет басшысы. Сол жаңа бой көтерген мектептердің қатарында 2020 жылы ашылған №89 мектеп-лицейі бар.

Бүгін аталмыш мектептің мұғалімі Ержанова Айнаш Тұрғанбайқызы "Президент Жолдауы: Орта білім саласындағы өзгерістер" тақырыбы аясында Қазақ радиосына сұхбат берді.

«Білім беру саласында ұзақ жыл еңбек етіп, мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндерге әліппе ұсынып, әріп үйреткеніме 18 жыл толғанын байқамай да қалыппын. Мамандығымды жақсы көргендіктен бе, балаларды оқу процесіне қызықтыруды көздеймін.Түрлі оқу құралдарын пайдаланауға тырысымын. Жас ұрпақтың саналы, зейінді, білімді, сауатты болуына барынша өз үлесімді қосамын»,- дейді студия қонағы.

Бағдарламаның толық нұсқасын аудиодан тыңдай аласыздар.

Хабарды эфирге дайындап, жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.