Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Түркістанда А. Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқау өтті

Түркістанда А. Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқау өтті

Түркістанда қазақ тілі оқытушыларының арасында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқау өтті.

Ш. Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми- практикалық орталығы Әдістеме басқармасының ғылыми қызметкері Айгүл Орманова бүгін «Шалқар шаңырағында» бағдарламасында қонақта болды. Студия қонағы байқаудың мақсат, міндеті туралы айтты.

Жалпы, мемлекеттік тілді оқыту әдістемесін жетілдіру бағытындағы шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

"Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының тіл үйретудегі өшпес мұраларын жалғастыру - парызымыз. Сапалы оқыту дегеніміз, сайып келгенде, ұлы ғалым идеялары мен тіл үйретудегі әдіс-тәсілдерін үйлесімді қолдануға әкеп саяды. Бұл шара өңірлерде мемлекеттік тілді оқытумен айналысып жүрген әдіскер мамандар мен оқытушылардың өзара тәжірибе алмасып, әдістемелік біліктіліктерін шыңдап, озық тәжірибелерді кеңінен таратуды көздейді", - деді Тіл саясаты комитетінің басқарма басшысы Айнагүл Көкенова.

Айта кету керек, қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру бағытындағы шаралар тұрақты жүзеге асырылуда. Мәселен, Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен шыққан «Tilqural.kz», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz», «Аваі.institute» порталдарынан өзге, Жамбыл облысы тілдерді дамыту басқармасы әзірлеген «Qazonline» мобильді қосымшасы, Павлодар облысының «Ана тілі» орталығы әзірлеген «Ana tili» мобильді қосымшалары қазақ тілін үйренуге талпынып жүрген азаматтардың жоғары сұранысына ие.

Хабардың толық нұсқасын аудиодан тыңдай аласыздар.

Хабардың редакторы: Айнұр Шамшейт.