Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Академик Кәрімбек Құрманәлиевтің «Тіл және тұлға» атты кітабы жарық көрді

Академик Кәрімбек Құрманәлиевтің «Тіл және тұлға» атты кітабы жарық көрді

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрылғанына 75 жыл толып отыр. Осы мерейтойға орайластырылып дайындалған ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Кәрімбек Құрманәлиевтің «Тіл және тұлға» атты кітабы жарық көрді.

Бұл еңбекте Ұлттық ғылым академиясының академиктері - қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан І.Кеңесбаев, М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев, А.Ысқақов, Ә.Қайдаров, Ш.Сарыбаев, Р.Сыздықова, Ө.Айтбаев сынды аға буын өкілдері мен осы саланы одан әрі дамытуға атсалысып жүрген тілші-ғалымдардың ғылыми-шығармашылық қызметі, негізгі ғылыми еңбектері туралы мақалалар топтастырылған.

Сондай-ақ белгілі тұлғалардың белгісіз қырлары жөнінде де жан-жақты сөз болады.

ҚР Ұлттық ғылым академиясы мен А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұйымдастыруымен кітаптың таныстырылымы өткізіледі.

Іс-шараға академия президенті Мұрат Жұрынұлы, институт директоры Анар Фазылжанова, ҚР ҰҒА мүшелері Зейнеп Базарбаева, Шерубай Құрманбайұлы, Фаузия Оразбаева, еліміздің белгілі тілші-ғалымдары, профессорлар Ж.Манкеева, Ж.Балтабаева, А.Салқынбай, Т.Ермекова, Ж.Сүлейменова, Қ.Есенова, А.Арыстанбекқызы және жас ғалымдар қатысады.


ӨТЕТІН УАҚЫТЫ - 1.10.2021ж. САҒАТ 11:00

ҚР Ұлттық кітапханасы (Алматы қаласы, Абай даңғылы, 14)

Байланыс үшін: +7 701 341 2444