Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Жазушы Берік Шаханұлының дауысы "Шалқар" радиосынан берілді

Жазушы Берік Шаханұлының дауысы

«Әдебиет әлемі» хабарының кезекті санында жазушы Берік Шаханұлының шығармашылығы мен өмірдерегі жайлы тыңдайсыздар. Хабар үнтаспаға жазылып алынған.

Берік Шаханұлы жоғарғы оқу орнын бітірген соң Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газетінде әдеби қызметкер болып жұмыс істейді. 1973-1989 жылдар аралығында «Жазушы» баспасында редактор, аға редактор 1989- 91 жылдары «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер болған. Одан бері біраз жерде қызмет ете жүріп көптеген шығармалар, әңгімелер жазды. «Ғашықтың тілі», «Ақ иірім», «Қаратаудың самалы» ,«Құса», «Көрген түстей дүние», «Пойызда кездескен қыз», «Қоңыр жон» әңгімелері мен повестері жарық көрген. 

Сарысу ауданы Жайылма ауылының құрметті азаматы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл мерекелік медалімен, «Ерен еңбегі» үшін медалімен марапатталған жазушы Берік Шаханұлының артында өшпес мол мұра қалған.

Асылымызды ардақтау мақсатында санамызда сақталып, жадымызда жатталып қалған жазушының шынайы шығармаларын оқырман қауымға қаз қалпында жеткізу біздер үшін ниет-қарыз, адами парыз болмақ. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Берік Шаханұлымен көзі тірісінде сұхбаттасып, дауысын жазып алған болатынбыз. Реті келгенде назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.

Хабарды әуенмен әрлеп, дыбысын қадағалаған Жадыра Сардарбекқызы.

Хабардың толық нұсқасын аудиодан тыңдай аласыздар.

Хабардың редакторы: Айнұр Шамшейт.