Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Гүлімжан Тұтқабайқызы: Білімді дарытатын да, дамытатын да - ұстаздар

Гүлімжан Тұтқабайқызы: Білімді дарытатын да, дамытатын да - ұстаздар

"Шалқар шаңырағына" Нұр-Сұлтан қаласының №80 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі, білім беру саласының үздігі - Гүлімжан Тұтқабайқызы Молдырайымова қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Халыққа Жолдауындағы айтылған сапалы білім беру мәселесін талқылады.

Білім берудегі инклюзивті балаларды оқыту, балаларға қосымша дәріс беруге арналған курстар туралы айта келе, онлайн жүйенің жағымды тұстарына тоқталды.

«21 ғасыр – білім мен ақпарат ғасыры. Қарыштап, дамып, жаңарып жатқан мәдениет пен өркениет саласында, қоғамымызда ең негізгі қозғаушы күш – білім десек, сол білімді дамытатын да, дарытатын да – мына біздер, педагогтармыз. Онлайн оқыту барысыда біріншіден мұғалімдердің компьтерлік сауаты артты. Әр түрлі платформалармен жүмыс істеуді үйренді, оқушыларға үйретті, ата-аналар да үйренді. Елімізде онлайн мектеп, электронды күнделік, білім лэнд, классрум платформалары жұмыс жасады. Онлайн жұмыс – өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды»,- дейді студия қонағы.

Бағдарламаның толық нұсқасын аудиодан тыңдай аласыздар.

Эфирге дайындап, жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.