Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Телман Тілегенұлы: «Назқоңыр» концерті Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналады

Телман Тілегенұлы: «Назқоңыр» концерті Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналады

"Шалқар шаңырағына" әнші, термеші, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты Мемлекеттік академиялық филармониясы «Халық әні» әні бөлімінің көркемдік жетекшісі, Қазақ ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы, дәстүрлі әнші Нұркенов Телман Тілегенұлы қатысты.

Тыңдаушының жүрегінен орын алып жүрген әнші домбыраның сүйемелдеуінде Қасым Аманжоловтың сөзіне жазылған Әбілахат Еспаевтың «Ақ сәуле» әнін орындады.

«Биылғы маусым 8 қазан күні «Назқоңыр» деген атаумен дәстүрлі ән өнері орындаушылыраның тамаша концертімен жалғасады. Концерттің сапасы, пайымы, тартуы, жөні де бөлек болмақ. Себебі, концерт ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады. Бұл - «Халық әні» әні бөлімінің жаңа құрамы. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жаңа құрамда дәстүрлі ән-жырдың тек үздіктері бас қосқан, барлығы жазда іріктеуден өткен әншілер. Сондай ақ, көрерменге бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы, студенттерге билет құнын 500 теңге етіп қойдық, сақтық шараларды ескере отырып, залға тек 50 көрермен кіргізіледі»,- дейді Телман Тілегенұлы.

Бағдарламаны эфирге дайындап, жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.

Толық нұсқасын аудиодан тыңдай аласыздар.