Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Ұлттық ұлан – ел айбыны

Ұлттық ұлан – ел айбыны

"Шалқар шаңырағына" Ұлттық ұлан ардагері, "Қалқан" газеті мен "Бүркіт" журналының (2004-2013 жылдары) бас редактор қызметін атқарған, полковник Жұбатов Сәдуақас Нұрышұлы мен ҚР Ұлттық Ұлан ұланы ақпараттық баспа бөлімінің басшысы, «Қалқан» газеті мен «Бүркіт»журналының бас редакторы, майор Жангулин Руслан Тұрғымбайұлы қатысты.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген "Қалқан" газеті 60 жылдық мерей тойын қалай атап өтпек? Әскери газеттің ірге тасын қалаған кімдер? Ертеңі мен бүгіні қандай? Студия қонақтары осы сынды сұрақтарға жауап берді.

«Ұлттық ұлан» Ұлттық гвардиясы кезінде, тікелей Елбасының Жарлығымен құрылған болатын. Қазақстан тәуелсіздігінің жетістігінің бірі ретінде Қарулы Күштер мен құқық қорғау жүйесін құрғанымызды айтамыз. Ел тыныштығын күзететін айбынды, рухты оғландардан құралған әскердің жыл санап әлеуеті артып келеді. Бүгінде құқықтық тәртіп әскері аймақтың ішкі қауіпсіздігінің қалқанына айналды. Ал «Қалқан» газеті жаңалықтардың барлығын дер кезінде өз оқырманына хабаршы ретінде жеткізіп отырады»,- дейді студия қонақтары.

Сондай-ақ, сұхбат барысында әскери азаматтардың әлеуметтік мәселесіне қатысты әңгіме өрбіп, әскердегі зейнет мәселесіне қатысты толғандыратын, шешілмеген мәселелерге тоқталды. Әскери азаматтардың баспанамен қамтамасыз ететін түрғын үй жөіннде «Әскери баспана» сынды бағдарламалар да тілге тиек болды.

Бағдарламаның толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Хабарды жүргізген Ләззат Тиышбекқызы.