Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Зияш Тұрсынбекқызы: Отанды сүю – тарихыңды білуден басталады

Зияш Тұрсынбекқызы: Отанды сүю – тарихыңды білуден басталады

"Шалқар шаңырағына" Нұр-Сұлтан қаласы № 80 мектеп-гимназиясының (40 жыл еңбек өтілі бар, тарих пәнінің) ұстазы, жоғары санатты педагог-зерттеуші мұғалім, «Құрмет» орденінің иегері Сейілғазина Зияш Тұрсынбекқызы қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халыққа Жолдауындағы сапалы білім беру мәселесіне тоқталып, балалар мен жасөспірімдердің тәрбиесіне қатысты келелі ойларымен бөлісті.

Зияш Тұрсынбекқызы "Отанды сүю – тарихыңды білуден басталады. Әр адам өз тарихын, өз құқығын білуі керек. Ол үшін елінің тарихын зерделеп оқуы, Конституциясын білуі тиіс"-деген пікірде.

Сондай-ақ "Қоршаған ортаның бала тәрбиесіне әсері зор. Сондықтан ата-ана балаларының кіммен араласатынын, қайда баратынын, нені ұнататынын біліп, қадағалауы тиіс. Сосын, балада бос уақыт болмағаны дұрыс. Себебі оның дамып, қалыптасуына, ашылуына түрлі үйірмелер жақсы көмектеседі»,- дейді студия қонағы.

Бағдарламаның толық нұсқасын аудиодан тыңдай аласыздар.

Сұхбатты жүргізген Ләззат Тиышбекқызы.