Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

CӨЗ ТӨРКІНІНІҢ СЫРЫ (1-хабар)

CӨЗ ТӨРКІНІНІҢ СЫРЫ (1-хабар)

Сөз деген сөздің түп-төркіні қайдан шыққан? Сөз деген сөздің түбірі қайсы? Ол не мағына береді? Жалпы біз күнде қолданып жүрген қазақ сөздерінің шығу төркінін білеміз бе? Белгілі түркітанушы ғалым Аманқос Мектептегінің пайымдауынша, кей сөздердің пайда болуы, қалыптасуы тым көне замандарға барып тіреледі екен. Тек кейінгі дәуірлерде түрлі кедергілерден өзгерістерге, дыбыстау ерекшеліктеріне ұшыраған.

Біздің тарихымыз тасқа жазылған. Жазба тіліміз де тасқа қашалып жазылған жазулардан бастау алады. 

"Біздің тарих бұл да бір қалың тарих, оқулығы жұп-жұқа бірақ-тағы" деп Қадыр ақын жырлағандай, заманалар көшінде тіліміз де көмескі тартып, тіл тарихын, сөз астарын ұмытуға айналдық. Хабар қонағының пікірлері да осыған саяды.

"Сөз төркінінің сыры" деген хабарымызға белгілі түркітанушы ғалым Аманқос Мектептегі қатысты.

Хабарды жүргізген журналист Оңғар Құрал. 

Толығырақ аудио нұсқада.