Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Алтыншаш Жақиянова: Мені ауылым еркелетіп өсірді

Алтыншаш Жақиянова: Мені ауылым еркелетіп өсірді

Әдебиет әлемі хабарының осы санында Жазушылар одағының мүшесі, ақын Алтыншаш Жақиянованың шығармашылығы мен өмірдерегіне арналды.

Алтыншаш Жұманқызы Семей облысы Ақсуат аудандық «Ақсуат арайы», республикалық «Ауыл» газеттерінде қызмет атқарған. Республикалық, облыстық, қалалық газет-журналдарда үнемі өлеңдері жарық көріп тұрған.

1996 жылы «Жүрегімнің жұлдызы» атты алғашқы жыр жинағы жарық көрген.

Қапшағай қаласының 40 жылдығына арналған «Менің қалам» атты жыр мүшайрасының бас жүлдегері, Іле аудандық «Менің Мұқағалиым» атты жыр бәйгесінің жеңімпазы. Қалалық ақындар айтысында да бірнеше дүркін жүлделі орындарды иемденген. Ақын «Жанымның нұры», «Өлеңім — өмір жолым», «Қаршыға ғұмыр», «Жаңбырлы жаз» жыр жинақтары мен «Қанат жайған Қапшағай», «Менің Мұқағалиым», «Алып тұлға және айдынды қала» атты жинақтардың авторы.

Халықаралық Жазушылар және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Зерде» сыйлығының, 2017 жылғы Балалар әдебиеті бәйгесінің жеңімпазы, ардагер ұстаз, ардақты ана, сүйікті жар, аяулы әже, ақын Алтыншаш Жақиянованың шығармашылығы мен өмірдерегі жайлы хабардың толық нұсқасын аудионұсқадан тыңдай аласыздар. 

Хабардың осы санында қазақ поэзиясы дәріптелді десек қателеспейміз. Ақынды құрметтеу арқылы қазақтың қара өлеңінің қастерлі бағасын арттырдық деп ойлаймыз.

Хабардың редакторы: Айнұр Шамшейт.

Толық ақпарат аудионұсқада.