Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Радиожурналист Оңғар Құралдың "Біз қалай сөйлейміз?" кітабы жарық көрді

Радиожурналист Оңғар Құралдың

Бүгін ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Қазақ радиосында 30 жылға жуық қызмет атқарып келе жатқан радиожурналист, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ҚР Ақпарат саласының үздігі, «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС қызметкері Оңғар Құралдың «Біз қалай сөйлейміз?» атты кітабының ТҰСАУКЕСЕРІ өтті.

Бұл кітапта Оңғар Құралдың 2002-2005 жылдары Қазақ радиосы мен "Шалқар" радиосында өткен "Біз қалай сөйлейміз?" атты авторлық бағдарламасының мәтіндік нұсқасы топтастырылған. Жинаққа енгізілген бірнеше аудиохабардың мәтіндік нұсқасында тіл тазалығы, дұрыс сөйлеу мен сауатты жазу, терминдер мен ұғымдардың аудармасы туралы сөз болды.

Сондай-ақ, сөз тіркестерін орнымен қолдану, күнделікті айтып жүрген сөздеріміздің дұрысы қайсы, бұрысы қайсы, міне осы жайлар және туған тілімізге қатысты өзге де көкейкесті мәселелер кітаптың өн бойында түрлі авторлардың пікірлерімен талданып, тұщымды ойларымен дәйектелді.

Кітап жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне, мектеп оқушыларына, оқытушылар мен мұғалімдерге, әсіресе, қолына қалам ұстаған журналистер қауымына аса қажетті көмекші құрал болмақ. Сонымен қатар, бұл еңбек тіл тағдырына бейжай қарамайтын, ана тілін ардақ тұтатын және сауатты сөйлеуге ұмтылып, өз тілін түзегісі келетін жалпы оқырман қауымға арналады.

Тұсаукесер рәсімін жазушы, публицист, Қазақстан Педагогикалық ғылым академиясының академигі, профессор Марат Байділдәұлы Тоқашбаев жүргізді.

Қатысушылар: филология ғылымдарының докторлары, профессорлар Байынқол Қалиев, Асылы Осман, Дариға Тұранқұлова, Гүлбану Қосымова, Жамал Манкеева, Орынай Жұбай, Құралай Күдеринова, т.б. және қаламгерлер Жұмабай Шаштайұлы, Қайнар Олжай, Бауыржан Жақып, т.б. сондай-ақ, БАҚ өкілдері.