Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Жабал Ерғалиев: Ауыл адамдарының бір-біріне деген мейірімі шексіз еді

Жабал Ерғалиев: Ауыл адамдарының бір-біріне деген мейірімі шексіз еді

Жабал Ерғалиұлы – 1952 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы Қарағаш ауылында дүниеге келген. 1979 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіреді. 1973-1997 жылдары Көкшетау облыстық «Көкшетау правдасы» газетінде кіші әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. 1997 жылы Көкшетау облысы таратылғаннан кейін Көкшетау қалалық «Көкшетау» газетін ұйымдастырады. 2007 жылдың 18 тамызындағы сайлауда Ақмола облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. Облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, Ақмола облысы әкімдігі жанындағы бюджет комиссиясының, діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің, Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының, тіл және ономастика жөніндегі және тағы да біраз облыстық комиссияларының мүшесі болды. Алматы облысы Қарасай ауданының Құрметті азаматы. 

 Қазақстан Журналистер Одағының лауреаты Жабал Ерғалиев «Еңбектегі ерлігі үшін», «Қазақстан Конституциясына – 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасына – 20 жыл» медальдарымен, екі мәрте Қазақстан Республикасының Құрмет Грамоталарымен марапатталған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жабал Ерғалиевтің “Сөне көрме, жұлдыздар”, “Қазақтың Қарасай батыры”, “Ұлтым менің, ұлысым менің”, “Хан көтерген ел едік ер ұланын”, “Бұлтты түнгі толған Ай”, “Жол сапар жалғаса береді”, “Тәуелсіздік толғауы”, “Әлемді жүрегіне сыйғызған”, “Құлпытастың көз жасы” атты кітаптары жарық көрген. “Соңғы тұяқ”, “Ескі арба” повестерінің, “Бұлтты түнгі толған Ай”, “Тойғандар мен тозғандар”, “Жетім тағдыр” драмалық шығармаларының авторы. 

Журналист, жазушы-драматург, қоғам қайраткері Жабал Ерғалиевтің шығармашылығы мен өмірдерегі жайлы хабардың толық  аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.