Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Сейіт Темірбекұлы: Ажырасуға әкелетін әлеуметтік мәселе - тойды несиеге жасау

Сейіт Темірбекұлы: Ажырасуға әкелетін әлеуметтік мәселе - тойды несиеге жасау

«Отанды сүю» хабарына Қазақстан мұсылмандары діни бақармасы Нұр-Сұлтан қаласы "Ырыскелді" қажы мешітінің наиб имамы Сейіт Темірбекұлы қатысты.

«Отбасын құрудың негізі - неке» тақырыбында сұхбат берген студия қонағы отбасын құру шарттарына тоқталып, мешітте неке қидыру үшін куәгерлерден бөлек бірнеше құжат тапсыру міндетті. Бірінші кезекте, АХАЖ бөлімінен отбасын құрғандығын растайтын құжат маңызды керек, онсыз мешітте неке қидыру мүмкін емес»,- дейді Сейіт Темірбекұлы.

Сонымен қатар, студия қонағы жастардың отбасылық өмірде бақытты болуларына ата-ананың ықпалы зор екенін айтты.

"Отбасында осы мәселеге басты назарды аудару керек. Үйде бала ата-анансынан қандай үлгі алып, қандай тәрбие көрсе, ұшқанда соны іледі, яғни, өскенде соны істейді»,- дейді Сейіт Темірбекұлы.

ҚР Әділет министрлігінің статистикасына жүгінсек, ажырасқан жұптар саны 2021 жылдың өзінде (8 ай ішінде)  12 745, ал 2020 жылы (8 ай ішінде) 15 412-ды құрап отыр. Әрине, ерлі-зайыптылардың айырылысуына түрлі факторлар әсер етеді, отбасылық жанжал, әлеуметтік жағдай, түрлі келіспеушілік, т,б. Жалпы ең өзекті әлеуметтік мәселе - тойды несиеге жасаудан бастау алады деуге негіз бар.


Сұхбатты толығырақ хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыздар. 

Сұхбатты жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.