Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармонияға Еркеғали Рахмадиевтің есімі берілді

Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармонияға Еркеғали Рахмадиевтің есімі берілді

Нұр-Сұлтан қаласындағы Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының баспасөз қызметінің бас редакторы Дархан Серікханұлы Көкебаев "Шалқар" радиосының студиясында қонақта болды.


ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған филармонияның жыл басынан бері өткізіп жатқан шаралары мен жеке мерейтойлық кеш, концерттеріне тоқталған студия қонағы көрерменнің ерекше ықыласы туралы айтты.

«Бірнеше ұжымнан құрылған филармонияның ұстанатын музыкалық саясаты да, алға қойған мақсаты да айқын. Құрамда «Қазақ оркестрі», «Симфониялық оркестр», «Үрмелі оркестр», «Камералық хор», «Сарыарқа» фольклорлық, «Қорқыт» этно ансамбльдері, Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті квартеті, «Шалқыма» халық би ансамблі қызмет етеді. Бұған қоса жеке дауыста орындайтын солисттер де бар»,- дейді студия қонағы.

Сұхбаттың толық нұсқасын аудиодан тыңдай аласыздар.

Бағдарламаны жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.