Нұр-Сұлтан - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Тәуелсіздік – баға жетпес құндылық

Тәуелсіздік – баға жетпес құндылық

Бүгін «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде жарияланған Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында баяндалған негізгі идеяларды ақпараттық ілгерілету мақсатында хабар ұйымдастырылды.

Бүгін "Шалқар шаңырағына" Тарих ғылымдарының докторы, жазушы Тұрсынхан Зәкенұлы келді.

Тәуелсіздік – баға жетпес құндылық. Көк Туы көкте желбіреп, Әнұраны әлемді шарлай әуелеп, Елтаңбасы елдіктің айшықты белгісіне айналған Қазақстанның Тәуелсіздігі осыдан 30 жыл бұрын, яғни 1991 жылдың 16 желтоқсанында жарияланғаны белгілі. 

Ел орталығының Арқаға көшіріліп, жаңа Астананың өз сәнімен бой түзеуі, оның қысқа уақыттың ішінде әлемдік қоғамдастық жүгінетін саяси беделді алаңға айналып, еліміздің басты бренді ретінде танылуы барша қазақстандықтардың мақтаныш сезімін оятып, мәртебесін асырғаны рас. Дегенмен, соңғы жылдары космополиттік сарын белең алып, салт-дәстүріміздің кей тұстары ұмыт болып бара жатқанын да жасыра алмаймыз.

Хабарды толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.