Нұр-Сұлтан - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Тәуелсіздікке 30 жыл: Колледждердегі өзгерістер мен жетістіктер

Тәуелсіздікке 30 жыл: Колледждердегі өзгерістер мен жетістіктер

"Шалқар" радиосының тікелей эфиріне Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Жоғары көлік және коммуникация" колледжінің директоры, саяси ғылымдарының докторы, білім саласының үздігі Зұлфұхар Сұлтанұлы Ғайыпов қатысты.


ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бағдарламада білім саласына қатысты ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауындағы айтылған мәселелер мен жоғары оқу орындар мен колледждердің білім деңгейі жөнінде сөз қозғалды.

30 жылдағы білім саласындағы жетістіктер, алдағы жоспарлар, оқытушылардың жалақысы, студенттерге жасалған жағдай туралы әңгіме өрбіткен студия қонағы Тәуелсіздік алған жылдар аралығында колледждердің білім беру сапасы қаншалықты өзгергендігі туралы айта келе, өзі басшылық ететін колледжге қатысты тарқата айтты.

Оқу орнында қандай мамандықтар бар? Оқуға түскен студенттер неше жыл оқиды? Мемлекеттік грандтардан бөлек ақылы оқуға түсуге мүмкіндік бар ма? Колледж түлегі мамандық алып шыққан соң, әрі қарай ЖОО-да білімін жетілдірген жағдайда қандай артықшылыққа ие болады? Студия қонағы осы және өзге де сауалдарға жауап берді.

Сұхбаттың толығырақ аудимонұсқадан тыңдай аласыздар.

Бағдарламаны жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.