Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

“Қазақ радиосы және Тәуелсіздік” атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

“Қазақ радиосы және Тәуелсіздік” атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

«Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ» Ғылыми кеңес залында Қазақ радиосының 100 жылдығына арналған “Қазақ радиосы және Тәуелсіздік” атты республикалық ғылыми-тәжірибелік (оффлайн-онлайн) конференция өтті.

Конференция ұйымдастырушылары - «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ» Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті журналистика кафедрасы, Қазақ радиосы, Қазақстан Журналистер Одағы Атырау облыстық филиалы.

Ұзақ жылдардан бері қалтқысыз қызметімен ел ақпаратының ақ мылтығына, бастау бұлағына айналған қарашаңырақ – Қазақ радиосының эфирге шыққанына 2021 жылдың 1 қазанында 100 жыл толды. Дәл осы күні алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының бастамасымен Қазақ радиосы Қазақстанның сол кездегі астанасы Орынбордан хабар таратты. Одан кейінгі ел астанасы болған Қызылордаға ауысып, көп ұзамай Алматы қаласына, ал 2012 жылы Нұр-Сұлтан қаласына қоныстанды. Содан бері Қазақ радиосы ұлтымыздың үнжариясына айналды.

Бүгінде «Қазақ радиосы» радиоарнасының қатары «Шалқар», «Астана» және «Classic» радиосымен толықты. «Қазақ радиолары» ЖШС құрамына біріккен төрт радио күнделікті тыңдармандарын әр қайсысы өз бағыты бойынша ақжолтай жаңалықтарымен қуантып келеді. 

Бүгінгі конференция жұмысына Қазақ радиосының басшылары, радио ардагерлері, республикамыздың белгілі ғалымдары, жоғары оқу орындарының профессор - оқытушылары, докторанттар мен магистранттар, студенттер қатысты. 

Конференция аясында радио ардагері, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, композитор Илья Жақановтың “Таңғажайып махаббат” кітабының тұсаукесері өтті.