Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

“Журналистика, баспа ісі, медиадизайн: бүгінгі тренд және даму тенденциясы” атты халықаралық конференция өтеді

“Журналистика, баспа ісі, медиадизайн: бүгінгі тренд және даму тенденциясы” атты халықаралық конференция өтеді

2021 жылдың 26-қарашасында сағ.11:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (ректорат, 15-ші қабат) қазақ журналистикасы теориясының негізін салған ғалым, ұстаз, журналист, филология ғылымдарының докторы, профессор Тауман Амандосовтың туғанына 100 жыл толуына арналған “Журналистика, баспа ісі, медиадизайн: бүгінгі тренд және даму тенденциясы” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция онлайн және офлайн форматта (аралас) өтеді.

Конференция бағыттары:

● Бүгінгі баспа ісінің өзекті проблемалары

● Дәстүрлі медиадағы трансформация және жаңа технологиялар

● Заманауи медиадизайнның ерекшеліктері

● Виртуалды коммуникация және мультимедиа

● Ғалым Амандосов шығармашылығы, ғылыми зерттеулері және мұралары

“Журналистика, баспа ісі, медиадизайн: бүгінгі тренд және даму тенденциясы” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына Тауман Амандосовтың отбасы, туыстары, шәкірттері, журналистика факультетінің оқытушы-профессорлары, баспа саласының басшылары, БАҚ өкілдері, дизайнерлер, студенттер мен магистранттар, докторанттар қатысады.

Қосымша ақпарат:

Саналы ғұмырында өшпес із қалдырған, журналистикадағы дара тұлға, ұлағатты ұстаз, ғалым Тауман Салықбайұлы Амандосовтың қазақ халқына, қазақ журналистикасына сіңірген еңбегі зор.

Тауман Амандосов 1921 жылы 5 қарашада Атырау облысының Балықшы ауданы Кеңөзек ауылында дүниеге келген. Дарынды журналист өзінің еңбек жолын қазіргі Атырау қаласындағы облыстық «Социалистік құрылыс» газетінде әдеби қызметкерліктен бастаған еді.

1946 жылы ҚазМУ-дің филология факультетінің журналистика бөліміне оқуға түсіп, 1950 жылы оқуын үздік бағамен тәмамдаған жас маман университетке аға оқытушылыққа қалады. 1952-1958 жылдары – сырттай оқыту саласында проректор, 1959-1966 жылдары филология факультетінің деканы қызметін атқарды. 1966 жылдан өзінің ұйытқы болуымен құрылған журналистика факультетінің деканы болып сайланып, 1971 жылға дейін осы қызметте болды. Факультеттегі теле-радио кафедрасының ашылуы да Т.Амандосов есімімен байланысты.

Тауман Салықбайұлы 11 монографиялық еңбектің, сондай-ақ жұртшылыққа кеңінен мәлім «Публицистика – дәуір үні», «Достық лебізі», «Қазақ совет баспасөзінің жанрлары» атты оқу құралдарының авторы.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., әл-Фараби, 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., доцент А.Ә.Рамазан, тел.: +7 776 118 08 47.

Кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыстар жөніндегі орынбасары А.Сләмғажы, тел.: +7 707 383 38 79.

Жетекші маман М.Альмухаметова тел.: +7 707 5358455

Конференцияның жеке идентификаторы: 875 3090 3862

Kод: Kaznu2021