Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Отанды сүю иманнан

Отанды сүю иманнан

«Шалқар» радиосының «Отанды сүю» хабарына Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әс-Салам» мешітінің имамы Смағұлов Дастан Зияшұлы ұлтжандылық тақырыбында сұхбат берді.

«Отанды сүю иманнан, иманның күштілігі отбасында алған тәрбиесінен, өміріндегі алғашқы қаланған ірге тасынан. Ұлтжанды болу, елді сүю турасында шариғатта, дінімізде көп айтылған. Ұлтжанды азамат жан-жақты, өз елінің тарихын жақсы білетін, ұлттық тәлім-тәрбиені бойына сіңірген ұлтын сүйетін мейрімді, білімді, иманы күшті азамат болуы тиіс»,- дейді студия қонағы.

«Алла Елшісінің өзі (с.ғ.с) Меккеден Мәдинаға қоныс аударғанда өзі туып өскен Мекке қаласын ұмытқан жоқ. Бұл да бір өнеге емес пе?! Одан бөлек, Пайғамбарымыздың ауырып жатқан науқасқа дем салғанда туған жердің ауасы да дертке ем деп, туған жердің топырағына қолын тигізіп дем салғаны бар емес пе?! Біздің қазақта кіндік қаны тамған жер дейді. Бұл да бір тылсым байланыс. Сондықтан туған елге, жерге, ана тілге деген құрмет ұлтын, отанын сүюден басталады»,- дейді Дастан Зияшұлы.

Сұхбаттың толық нұсқасын хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Бағдарламаны жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.