Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Тәуелсіздікке тарту: Жаңа патриоттық әндердің тұсауы кесілді

Тәуелсіздікке тарту: Жаңа патриоттық әндердің тұсауы кесілді

«Шалқар шаңырағында» композитор, дирижер Әліби Әбдінұровтың «Айналайын туған жер»,  Айгүл Қосанованың орындауындағы жаңа ән, Алмас Алтынбековтің орындауындағы Әбдірахман Асылбектің сөзіне жазылған «Туған жер – алтын бесігім» әндерінің тұсауы кесілді.


Студия қонағы, композитор, дирижер – Әліби Құттымбетұлы басты мерекеміз – ҚР Тәуелсіздік күнімен құтықтай келе, тыңдаушылардың сұрауы бойынша опера әншісі Азамат Жылтырғөзовтың орындауындағы «Тарихым азат елдің намысы» және Толқын Забированың орындауындағы «Көрдім де, мінезіңе болдым құмар»  авторлық әндерін тарту етті.

Сұхбат барысында драматург, актер Қанат Жүнісовтың либреттосына жазған «Сәкен» операсына тоқталды.

Бағдарламаны жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.

Толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.