Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Сынаққа сабыр ету – мұсылманның ерекше сипаты

Сынаққа сабыр ету – мұсылманның ерекше сипаты

«Отанды сүю» хабарының кезекті саны «Сынаққа сабыр ету» тақырыбына арналды.  

Нұр-Сұлтан қаласы «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешітінің оқытушысы, діни сауатын ашам деген жандарға ұстаз болып журген қари, мешіттің имамы Нуриддин Әбдусамадұлы адамзатқа түрлі жолмен берілетін кез келген сынақтың артында оның шешімі бар екендігі туралы әңгімеледі.


Имам сабыр жайында аяқтар мен хадистер айта отырып, Алла елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың өмірінен мысал келтірді.

"Пайғамбарымыздың (ﷺ) өмір жолына қарар болсақ, Оның (ﷺ) сабырлық танытқан оқиғалары өте көп. Бір кезде алты баласынан айрылған пайғамбарымыз қаншалықты ауыр болса да сабыр етіп, Алланың сынағына төзіммен қараған. Кейбір отбасылар жаратқан ұл бермейді деп күпірлік етеді, перзентіміз жоқ деп сабырсыздық танытады. Сондықтан әр үлкен сынақтың артында сабыр етушіге Алланың сыйы бар екендігін ұмытпауымыз керек»,- дейді студия қонағы.

Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі аудиодан тыңдай аласыздар.

Бағдарлама жүргізушісі: Ләззат Тиышбекқызы.