Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Ерлан Ерғазыұлы: Елордадағы филармонияға Еркеғали Рахмадиевтің есімі берілгені – қуанышты жаңалық

Ерлан Ерғазыұлы: Елордадағы филармонияға Еркеғали Рахмадиевтің есімі берілгені – қуанышты жаңалық

«Шалқар шаңырағына» Нұр-Сұлтан қаласындағы Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының Бас директоры Ерлан Дакенов сұхбат берді. 

Студия қонағы филармонияның тыныс-тіршілігінен хабардар етіп, 2021 жылда жүзеге асқан шаралар мен шығармашылық кештерге тоқталды.

«ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елордадағы филармонияға кезінде мәдениет министрі қызметін атқарған, Қазақ ұлттық музыка академиясының профессоры, симфониялық күй жанрының негізін қалаушысы, композитор Еркеғали Рахмедиевтің есімі берілгені  қуанышты жаңалық болды», - дейді Ерлан Ерғазыұлы.


«Ол – төрт ән-романс жинағының авторы, бірнеше фильмдер мен театр спектакльдеріне әуен жазған, акапеллалық хорға ән арнап, өңдеуді өзі жасаған, шынайы музыкаға берілген жан еді. Еркеғали Рахмадиевтің «Қамар-Сұлу», «Қыр шұғыласы», «Алпамыс» опералары бүгінде еліміздің опера және театр сахналарында көрініс тауып отыр. Бұл шеберлігі уақытқа бағынбайтын биік дәрежедегі туынды екендігінің көрсеткіші»,- дейді студия қонағы.

Сұхбаттың толық нұсқасын аудиодан тыңдай аласыздар.

Бағдарлама жүргізушісі Ләззат Тиышбекқызы.