Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Сахна өнерінің саңлағы

Сахна өнерінің саңлағы

Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының негізін қалаған актрисалар, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Түймехан Атымтаева мен Бақыт Исабекова "Шалқар шаңырағында" қонақта болды.  

Театрдың 30 жылдығы туралы әңгіме өрбіткен студия қонақтары театрдың  негізін қалаған режиссер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жақып Омаров тірі болса, биыл 80 жасқа толар еді деп еске алды.

Турашыл, жүрегі жұмсақ, талантты, ойшыл режиссер театрда ең алғаш қай спектаклді қойды? Басты рольді сомдаған студия қонағы, актриса Бақыт Исабекова нені еске алды?

Сондай-ақ, өмірін театрға арнаған режиссер, Жақып Омаровтың жары жақсының жары болып, ағаның артында қалған ұрпағын аяқтан тұрғызу қаншалықты қиын болғандығы туралы сырлы сұхбаттан тыңдай аласыздар.

Бағдарламаны жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.

Сұхбаттың толық нұсқасын аудиодан тыңдай аласыздар.