Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Мешіттерді қазақы стильде салу керек – Бас мүфти

Мешіттерді қазақы стильде салу керек – Бас мүфти

«Отанды сүю» хабарына Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы "Ақпарат және қоғаммен байланыс" бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы Сыдықов қатысып, жыл қорытындысына тоқталды. Діни басқарманың руханият тақырыбында атқарған ілкімді істері, ауқымды жұмыстары, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған шаралары мен келер жылғы жоспарлар туралы әңгіме өрбітіп, келесі сұрақтарға жауап берді:

1.    Биыл ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы тойланды, Діни басқарма тарапынан қандай игі істер атқарылды?
2.    Алматыда дін қайраткерлерін ақтауға байланысты ірі конференция өтті. Жалпы Кеңес одағы тұсында дінге қарсы дүрбелең қашан басталды? Белгілі дін қайраткерлерінен кімдер зардап шекті?
3.    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти жыл басында 7 бағытты дамыту турасында баяндамасын жолдады, бұл қандай 7 бағыт? 
4.    Бас мүфти жыл басында мешіттерді қазақы стильде салу керектігін айтқан болатын. Осы жұмыстар бойынша қандай жаңалықтар бар? Елордада салынып жатқан ең ірі мешіттен қазақы өрнектерді көре аламыз ба?
5.    Мүфтият баспасы бар, содан биыл 27 кітап жарық көрді. Бұл қандай кітаптар? Оқырманға қазір қандай діни кітаптар қажет?
6.   Жалпы дінімізде білім алудың маңызы зор. Осы тұста құранды, дінді үйренем деушілерге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан қандай ілкімді істер жасалып жатыр? Қанша медресе бар?  

Хабардың толық нұсқасын аудиодан тыңдай аласыздар.

Сұхбаттасқан журналист Ләззат Тиышбекқызы.