Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

BINOM мектептерінде оқу тегін

BINOM мектептерінде оқу тегін

Өткен жылдың1 қыркүйегінде оқушыларды Nova City мөлтекауданындағы алғаш ашылған BINOM мектебі қабылдаған болатын. Тағы үш мектеп 2021 жылдың соңына дейін салынады деп жоспарланған.
BINOM – аралас тілде оқытатын мектептер жайлы көпшілік әр түрлі ақпараттар естіп, нақтылай алмай жүрген сияқты. Осы орайда BINOM мектептері жайлы айтсақ, нақты ақпараттармен бөліссек деген оймен хабар ұйымдастырып “Бином- Таным” мектебінің директоры Алия Мақышеваны Шалқар шаңырағына шақырдық.

BINOM мектептерінде оқу тегін: балалар оқуға ҚР білім беру ұйымдарының оқуға қабылдау ережелері арқылы қабылданады.

BINOM шын мәнінде оқушыларға қолжетімді және сапалы білім беруге бағытталған. Мектептердегі тәрбие үрдісі Amanat концепциясына – ұлы философ, шығыстанушы Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектерінде негізделген құрмет, қамқорлық, жауапкершілік, еңбексүйгіштік, жетілдіру қағидатына сүйенеді.

Жоба оқушы орындарының тапшылығын азайтуға және үш ауысымды мектептердің жүктемесін азайтуға бағытталған. Бүгінде Қазақстан бойынша 260 мың оқушы, ал елордада 26 мың бала мектептегі орын тапшылығын сезінуде.

Әрбір BINOM мектебі – физика, химия, биология, нано және биотехнология бойынша 127 кабинет, жетілдірілген 9 зертханасы бар 5 қабатты ғимарат. Сондай-ақ, 100 орындық кинозал, мұғалімдер мен балаларға арналған коворкинг-аймақтар, телестудия, ойын бөлмелері, смарт-сыныптар, шығармашылық эксперименттерге арналған 3D-принтер, робототехника кабинеттері, металл және ағаш ою шеберханалары, Speaking Club, TedxBinom және т.б. ұйымдастырылған. Асхана, медициналық пункт жұмыс істейді. Мектеп кітапханасында 5000-нан астам кітап, соның ішінде қазақстандық және шетелдік жазушылардың, әлемнің ең мықты классиктерінің танымал жинақтары бар. Мектепте балаларды оқыту процесі үшін стационарлық компьютерлерден бөлек ноутбуктер де қарастырылған.

Мектептердің тағы бір артықшылығы – инклюзивті білім беру мүмкіндігі. BINOM SCHOOL-да білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін қолайлы оқыту ортасы жасалды.
Екі спорт залы, ауладағы бірнеше алаң балаларға футбол, волейбол, баскетбол және басқа да спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік береді. Work-out аймағы да бар.

BINOM SCHOOL-ға мұғалімдерді іріктеу Jumys Smart Nation ірі интернет-платформасында жүргізіледі. Бұл қосымша еліміздің барлық өңірінен 270 000-нан астам оқытушыны қамтуға және олардың ішінен өз пәнінен мықтыларын таңдауға мүмкіндік береді. Екі кезеңдік конкурстық іріктеудің (тестілеу және әңгімелесу) нәтижесінде бірінші BINOM мектебіне үздік 300 мұғалім қабылданды.

Балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды: әр мектеп бейнебақылау камераларымен толық қамтылған (200 дана). Камера «көрмейтін» аймақтар жоқ. Мектепке кіру және шығу турникеттермен басқарылады. Күзет пункттері ұйымдастырылды. Сонымен қатар мектеп нысаны антитеррористік қорғау құрамына енгізілген.

BINOM SCHOOL – BI Group инновациялық құрылыс холдингі мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі арасында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы іске асырылатын білім беру саласындағы бірегей жоба.

Толық ақпарат үнтаспада.