Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Қоғам тұтастығы – тәуелсіздік кепілі

Қоғам тұтастығы – тәуелсіздік кепілі

Еңбек ері, Ғылым және өнеркәсіп комитетінің төрағасы, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Қасымбеков Бақтыбай Әшімбекұлы «Шалқар шаңырағында» бағдарламасына қатысып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісінің отырысында айтқан баяндамасына қатысты ойларымен бөлісті.  

23 жыл білім және ғылым саласында, 22 жыл мемлекеттік қызметте еңбек еткен студия қонағы Президенттің Мәжілісте сөйлеген әрбір сөзсін мұқият тыңдап, терең қабылдағанын жеткізді.

«Президент саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасады. Білімге қатысты ерекше тоқталды. Әсіресе, жастарды оқыту, оның ішінде техникалық білім саласын жетілдіру мәселесі көңілге қонарлық. Жастарға жаңа жұмыс орындары ашылады. Техникалық мамандықтарға басымдық беріледі. 5 жаңа жоғары оқу орны ашылып, оның екеуі батыс аймақта болады. Мұның барлығы жастарымыздың білімді, сауатты әрі болашағы кемел болуы үшін жасалуда. Жұмыссыздық жойылып, жастарымыздың алған білімі әлемдік деңгейдегі болуы үшін жасалып жатыр деп түсінген жөн. Көп жыл өнеркәсіп комитетінің төрағасы қызметін атқарғандықтан өндірісте озық ойлы ғалымдардың, нағыз мамандардың қаншалықты қажет екенін білемін. Ендігі кезекте, бар білгенімді жастарға үйретіп, ағартушылықпен айналыссам деймін»,- дейді профессор Бақтыбай Қасымбеков.

Бағдарламаны жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.

Сұхбатты аудионұсқадан тыңдай аласыздар.