Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Береке бастауы бірлік пен бейбітшілікте

Береке бастауы бірлік пен бейбітшілікте

«Отанды сүю» хабарына Нұр-Сұлтан қаласы мен Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов қатысты.

«Ислам – бұл бейбітшілік діні. Негізгі түбірі «Сәләм» яғни, тыныштық, бейбітшілік деген сөзден шыққан. Алланың 99 көркем есімінің бірі «Сәләм» - елге  тыныштық беруші деген мағынаға саяды. Жалпы, діннің негізі мақсаты – адамзаттың бұл дүниеде де, ақыретте де бақытқа жету үшін белгілі бір заңдар жиынтығын ұстану деп қабылдайық. Ал, бақытқа жету үшін елде тыныштық болу керек. Біздің басты құндылығымыз - еліміздің тәуелсізідігі, тыныштығы, береке-бірлікте бейбіт өмір сүруімізде. Бір сөзбен айтқанда - береке бастауы бірлік пен бейбітшілікте»,- деді Ислам діні туралы мазмұнды әңгімесін бастаған студия қонағы.

Бағдарламаның толық нұсқасын төмендегі аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Сұхбаттасқан журналист Ләззат Тиышбекқызы.