Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Ернар Жұматаев: Қазақ музыкалық драма театрын халықаралық деңгейге көтеру – басты мақсатым

Ернар Жұматаев: Қазақ музыкалық драма театрын халықаралық деңгейге көтеру – басты мақсатым

Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрың директоры, актер Ернар Жұматаев «Шалқар шаңырағында» бағдарламасына қатысты.

Өнер, білім саласында жүрген жандарға үлкен міндет жүктелгендігін сезінетіндігін білдірген Ернар Кұрбанбекұлы еліміздегі жоғары оқу орындарына зор міндеттер жүктелсе, бәсекелестікті арттырып, сол арқылы сапалы маман даярлауға жол ашылатыны айтады.

"Халық даналығындағы «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» ұғымы дәл қазіргі кезеңге сай келіп отыр. Елордадағы қазақ музыкалық драма театрының ұжымы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай берілген жаңа ғимаратын талантты жастармен толықтырып, алға нық сеніммен аяқ басты. Театр маусымында 5-6 жаңа спекталь қойып, премьерасына шақырды. Атқарылған жұмыс көп, дегенмен әлі талай көздеген мақсат, мұратымыз бар. Сондықтан қазыналы аға буын ақсақалдарымызбен, лаулап тұрған жастарымызбен әлі қазақ халқына қызмет етеміз",-деді Ернар Жұматаев.

Бағдарламаны жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.

Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі аудиодан тыңдай аласыздар.