Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Жәди Шәкенұлы: өзімді балалар жазушысынан гөрі тарих зерттеуші деп санаймын

Жәди Шәкенұлы: өзімді балалар жазушысынан гөрі тарих зерттеуші деп санаймын

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Балалар поэзиясы антологиясы» жарыққа шықты. Қазақстан Жазушылар Одағы мен Еуразия Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық Шыңғысхан академиясының, ҚР тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, жазушы Жәди Шәкенұлы «Шалқар шаңырағында» бағдарламасында қонақта болды.


«Қайран елім», «Жұмбақ кітап», «Аққу жылаған түн» кітаптарымен қатар бірнеше ғылыми мақалалар мен танымдық еңбектері бар студия қонағы: "балалар әдебиетіне келуіме өзімнің балаларым себеп болды",- дейді.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, 30 автордың еңбегі топтастырылған «Балалар поэзиясы антологиясы» «Атамұрадан» баспасынан жарық көрді.

"Айтулы жинаққа 15 шақты өлеңім енді. Жалпы балалар тақырыбында қалам тербеп жүргеніммен, өзімді балалар жазушысынан гөрі тарих зерттеуші деп санаймын және алдағы уақытта осы тақырыпты тоғыстыратын дүние жазғым келеді",- дейді Жәди Шәкенұлы.

Сұхбатты төмендегі аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Бағдарламаны жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.