Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Ішкі істер реформасы: ведомстволық білім беру мәселелері

Ішкі істер реформасы: ведомстволық білім беру мәселелері

«Шалқар шаңырағында»бағдарламасына ҚР Ішкі Істер Министрлігінің Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясының кәсiби-психологиялық даярлық және iшкi iстер органдарын басқару кафедрасының бастығы, подполковник, саяси ғылымдар кандидаты Ербақыт Баймұханов қатысты. Және телефон арқылы Алматыдан ҚР Ішкі Істер Министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы №1 жоғары басшы құрамды даярлау факультетінің  бастығы, полиция полковнигі Бимолданов Ержан қосылды.
Қаңтардың қайғылы күндерінде елдің құқық қорғау органдары үлкен күш-жігердің арқасында қызметкерлердің ерлігі, батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ қарапайым азаматтардың қолдауы арқасында құқықтық тәртіпті қалпына келтіруді, бейбіт халықтың қорғалуы мен тыныштығын қамтамасыз етті. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметі «күрделі» санатқа жатады. Осы ретте, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының қызметін қайта қарау туралы нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, құқық қорғау жүйесін түбегейлі реформалаудың, халықтың оларға деген көзқарасын өзгертудің, полицияны қолдауға ерекше мән берудің, кәсіптің беделін арттырудың басқа да міндеттерінің уақыты келді. Ішкі Істер Органдарын реформалау аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен реформалау барысында ведомстволық оқу орындарындағы тың өзгерістерге қатысты ақпаратпен бөліскен сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы өтіп тыңдай аласыздар. Бағдарламаны жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.