↑
Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қостанай - 107,40FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтіледі

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтіледі

Биыл Алаш көсемдерінің бірі, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ ғылымын академиялық жолмен ұйымдастырушы, ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясы шоғырын тәрбиелеуші аса ірі тұлға, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтуде.

Ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын мерекелеудің салтанатты ашылу рәсіміне байланысты «Шалқар шаңырағында» бағдарламасына Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысы Сәкен Зиябекұлы Есіркеп және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі "Руханият" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Мейрамғазы Көпбайұлы Сапарғалиев қатысты. 

Еліміздегі ұлт ұстазын ұлықтау мақсатында жасалуы тиіс шаралар осылай бастау алды.  Қазақ тіл ғылымының қазығын қағып, шаңырағын көтеріп, керегесін кеңейткен, бір өзі бір академияның жұмысын істеген, феномен дарынды Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған іс-шараның салтанатты ашылу рәсімі 25 ақпан сағат 10.00-де астанамыздағы Қаламгерлер аллеясында басталады. Одан кейін Ахмет Байтұрсынұлының республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциямен жалғасады.

Өзге де мағлұматты сұхбаттың аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Бағдарламаны жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.