Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі
Ұлыстың ұлы күні "Шалқар шаңырағына" Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филормониясының орындаушысы, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Гүлзира Бөкейханқызы сұхбат берді.

Барша радиотыңдаушыларды Наурыз мейрамымен құттықтаған студия қонағы жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағында береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелу керектігін айтты.
«Наурызда адамдар бір-біріне деген өкпе-реніштерін ұмытып, кешірімге келіп, татуласып, табыса білген. Барша адам баласына жақсылық, аманшылық тілеп, жастарға ақ баталарын берген. Сол себепті мен туған- туыстарды үлкен үйге, яғни, анамның қасына жинап, Наурызды ерекше тойлаймын», -деді әнші.
Сұхбат барысында Несіпбек Айтұлының сөзіне жазылған, Секен Тұрысбектің «Асыл ана», Кәкімбек Салықовтың сөзіне жазылған Еркеғали Рахмадиевтың «Ақ тырналар» және Әппақ Майтабанқызының «Көк өзен» әндері шырқалды.
Бағдарламаны жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.
Толығырақ хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.