Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Ұлттық терминология және тіл корпусы - ғылым тілінің негізі

Ұлттық терминология және тіл корпусы - ғылым тілінің негізі

Бүгін "Шалқар шаңырағына" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Ғабит Абзалбек пен Ш. Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ҰҒПО ғалым-хатшысы Нұрлыхан Аитова келді.

Тіл саясаты комитеті Үкімет жанындағы Республикалық терминология комиссиясы жұмысын үйлестіретін орган. Комиссияның жылына төрт отырысы өтеді. Комиссияның негізгі қызметі, мақсаты – қолданысқа енген немесе заманауи жаңа терминдерді реттеу, біріздендіру.

Отырысқа ұсынылатын терминдер лингвистикалық сараптамадан өткізіледі, www.termincom.kz сайтындағы «Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» электронды алаңына ілінеді.

Мақұлдауға ұсынылған салалық терминдермен комиссия мүшелерінен басқа сала мамандары, жалпы жұртшылық танысып, алаң ішінде талқылай алады.

Хабардың толық нұсқасын аудиодан тыңдай аласыздар.