Қадір түні – Тағдыр түні

«Отанды сүю» хабарына ҚМДБ діни басқармасының уағыз-насихат болімінің меңгерушісі Батыржан Берденұлы Мансуров қатысты.
Қадыр түннің қасиеті жөнінде әңгіме өрбіткен студия қонағы қасиеті мен сауабы мол түнді биыл 27 сәуірде күтетінімізді және Қадыр түнін қалай өткізгендігі туралы айтты.
- Қадір түні міндетті түрде ұйықтамау керек пе?
- Қандай тілек пен дұғалар айтылуы керек?
- Мұғжиза дегеніміз не?
- Қасиетті Рамазан айының басқа айлардан, ал Қадыр түнінің басқа түндерден айырмашылығы неде?
- Қадыр түнінде қандай амал іс-әрекет жасау керек?
- Халқымызда бұрын бұл түнді Қызыр бабамен неге байланыстырған?
Осы және өзге де радиотыңдаушылардың көкейіндегі сауалдарға жауап беретін танымдық сұхбаттың толық нұсқасын аудиодан тыңдай аласыздар.
Бағдарламаны жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.