Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Т. Жұртбай: А. Байтұрсынұлының еңбегі жан-жақты зерттелді деп айта алмаймыз

Т. Жұртбай: А. Байтұрсынұлының еңбегі жан-жақты зерттелді деп айта алмаймыз

"Шалқар шаңырағына" белгілі жазушы, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушы ғалым, Еуразия ұлттық университетінің профессоры, «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының директоры Тұрсын Жұртбай қатысты.

Арнайы хабарда ұлы ағартушы, әдебиеттану ғылымы мен қазақ тілін оқыту әдістемесінің және қазақ баспасөзінің негізін қалаушысы, ақын, аудармашы, мемлекет және қоғам қайраткері, педагог, публицист, ғажайып энциклопедиялық білім иесі болған Ахмет Байтұрсынұлының сан қырлылы ерекшелігі туралы әңгіме өрбітді.

Кезінде Ахмет Байтұрсынұлын «Ұлт ұстазы» деп алғаш атап жазған Тұрсын Жұртбайдың арқасында қазір барлығы Ахмет Байтұрсынұлының еңбегіне толыққанды баға беріп, бір ауыздан «Ұлт ұстазы» дейтін болды.

«Артында  мол мұра қалған Ахмет Байтұрсынұлының еңбегі, бас-аяғы толық түгенделіп, жан-жақты зерттелді деп әлі толық айта алмаймыз, алда әлі талай еңбектерін шаң боп жатқан архивтерден алып, зерттейтін жас ғалымдар шығатына сенімдімін»,- дейді студия қонағы.

Кезінде Тұрсын Жұртбайдың әкесі Ахмет Байтұрсынұлының көзін көріп, алашордашыларға хат тасыған екен. Соның салдарынан 30 жылдары «донос» арқылы  ұсталып, қамалған. Бала кезден алашордашылар туралы естіп, өлеңдерін жатқа біліп өскен ғалымның кейінгі өмірлік тақырыбы да, зерттеу жұмыстары да бір сөзбен айтқанда өмірлік мәні де – алашордашылармен тығыз байланысты болды.

Танымдық сұхбаттың толық нұсқасын аудиодан тыңдай аласыздар.

Бағдарламаны эфирге дайындап жүргізген Ләззат Тиышбекқызы.