Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Бүгін Алматыдағы Ұлттық кітапхана ҚР Ұлттық ғылым академиясы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен Қайнар академиясының ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Кәрімбек Құрманәлиевтің 60 жылдық мерейтойына орайластырылған “ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ” атты дөңгелек үстел отырысы өтті.

Қазақ тіл ғылымының қазіргі жағдайы мен болашағы туралы және тіл білімін дамытудың жаңа бағыттары жайлы көкейкесті мәселелер талқыланды.

Ғылыми жиынға Ұлттық ғылым академиясының Президенті Мұрат Жұрынов бастаған Зейнеп Базарбаева, Кәрімбек Құрманәлиев, Шерубай Құрманбайұлы сынды Ұлттық ғылым академиясының академиктерімен қатар, белгілі тілші-профессорлар Анар Салқынбай, Жаңалық Балтабаева, Раушан Аваковалар баяндама жасады.

Іс-шара аясында академик Кәрімбек Құрманәлиевтің “Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя: теория және практика” атты кітабының тұсаукесері өтті.