Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Кеңестік зорлық-зомбылық: халықты Қазақстанға күштеп қоныс аудару

Кеңестік зорлық-зомбылық: халықты Қазақстанға күштеп қоныс аудару

"Тарих тағылымы" хабарына Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының Сыртқы байланыс бөлімінің меңгерушісі Манара Қалыбекова қатысты.

Кеңес Одағын мекендеген халықтардың қай-қайсысы болсын сталиндік зорлық-зомбылықтан, геноцид пен этноцидтен, саяси қуғын-сүргіннен аман қалған жоқ. Кеңес үкіметі жылдарында жекелеген партия, кеңес, комсомол қызметкерлері ғана емес, тұтас бір халық сенімсіз де сатқын ұлт қатарына жатқызылып, тарихи атамекенінен күштеп жер аударылды.

Депортация латынша «deportatio» – «қуғындау», «көшіру» деген мағынаны білдіреді. Халық депортациясын белгілі бір ұлт өкілдерінің белгілі бір іс-әрекеттеріне байланысты елден қуылуы деп түсіну қажет.

1920-1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас бір бөлігіне айналды. Жалпы, КСРО-да депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 жылға дейін 3,2 миллион адамға жетті.

Толығырақ хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.