Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Биыл Қабанбай батырдың 330 жылдығы атап өтіледі

Биыл Қабанбай батырдың 330 жылдығы атап өтіледі

Қазақ елінің даңқты тұлғасы, дарабоз, "Хан батыр" атанған Қабанбай батырдың 330 жылдығына орай "Шалқар шаңырағына" осы тақырыпты қаузап жүрген ғалым, архив зерттеуші, Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қанат Еңсенов тікелей эфирде сұхбат берді.

Қабанбай батырға арнап ауқымды кітап жазып жатқан ғалым елдің тұтастығын сақтап қалған батыр бабалардың ерлігі туралы әңгіме өрбіте келе, тарихи тұлғаның елді қорғаудағы ерліктеріне ерекше тоқталды.

Студия қонағы Қабанбай батыр туралы зерттеу жұмыстарының жалғасып жатқандығы, алдағы уақытта жоспарланған сапарлар мен зерттелетін дүниенің әлі де көп екендігі, қазақ даласындағы шайқас өткен орындар туралы, ондағы зерттеу экспедициялардың маңыздылығы туралы әңгіме өрбіді.

Сұхбаттың толық нұсқасын аудиодан тыңдай аласыздар.

Бағдарламаны жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.